9 жасөспірімнің заңды өкіліне айыппұл салынды
Орал қаласында карантиннің талаптарын бұзған 40 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 наурыздан бастап Орал қалалық Полиция басқармасы ЖПҚб ювеналды полиция бөлімінің инспекторлары жасы кәмелетке толмағандар арасында түсінік жұмыстарын жүргізіп, карантиннің талаптары мен шектеулерін айтады.
Қаланың бірнеше аудандарында кешенді тексерістер мен рейдтер өткізіліп жатыр.
Басты мақсат-жасөспірімдер ересектерсіз, заңды өкілінсіз қоғамдық орындарда, көшелерде жүрмеуі тиіс. Орал қаласында карантин жарияланғаннан бері 40 жасөспірімінің талаптарды бұзғаны анықталып, ҚР ӘҚБТК-тің 476-бабына сай әкімшілік хаттама толтырылды.
Бүгінгі таңда Орал қалалық мамандандырылған әкімшілік сотымен тоғыз жасөспірімнің заңды өкіліне 10 АЕК көлемінде әкімшілік айыппұл төлейтіні туралы қаулысы шықты. 30 жасөспірімге ескерту берілді.
Ата-аналардың балаларды көшеге және көпшілік орындарға жалғыз өздерін жібермеулерін сұраймыз, карантин мерзімі аяқталғанша сақтық шараларына аса мән берулерін талап етеміз.
Балаңыздың денсаулығы –өз қолыңызда.