Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Оралдық тұрғын көпқабатты үйдің балконынан құлап кете жаздады

Оралдық тұрғын көпқабатты үйдің балконынан құлап кете жаздады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 қазан күні түнде  35 жастағы қала тұрғыны көпқабатты үйдің балконынан секіріп, өзінің азаматтық некедегі жолдасын қорқытпақшы болған. Балконның жақтауын басқан кезде тепе-теңдікті сақтай алмай, аяғы тайып кеткен. Абырой болғанда азаматтық некедегі жолдасы санаулы секундтарда әйелдің қолынан ұстап үлгерген.

Оқиғаның мән жайын анықтау барысында азаматшаның өзінің азаматтық некедегі жолдасымен жанжалдасып қалғаны белгілі болды.

Әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізілді. Қазіргі уақытта бірге тұратын адамдар арасындағы кикілжің басылды. Сонымен қатар, бұл отбасы жалдамалы пәтерде тіркеусіз тұратыны анықталды. Қазіргі уақытта жалға беруші мен жалға алушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 493 және 492-баптары бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру