Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Семей тұрғыны 70 келіден астам заңсыз ауланған балығын сатпақ болған

Семей тұрғыны 70 келіден астам заңсыз ауланған балығын сатпақ болған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазанда “Браконьер” жедел алдын алу іс-шарасы барысында Жарма ауданы Қалбатау ауылында жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында ШҚО ПД ЖПҚБ патрульдік полиция инспекторлары Берік Аққулов пен Мейіржан Жақсыбеков Омбы-Майқапшағай трассасының 913 шақырымында Lada маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Көлік құралының құжаттарын тексеру барысында автомобиль салонында шортан, мөңке, көксерке балықтарын тиісті құжаттарсыз тасымалдағаны белгілі болды.

Жүргізуші балықты Көкпекті ауданының Тассай ауылынан Семей қаласына сату үшін тасымалдағанын айтты. Балықтың жалпы салмағы 70 келіден асты, мемлекетке келтірілген залал көлімі 78 000 теңгеден асты.

Семей қаласының 26 жастағы тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 389-бабының 1-бөлігі абайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, тасымалдау, әкелу, әкету, сақтау (ұстау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру