Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

92 бала табылып, ата-аналарына қайтарылды

Қызылордалық полицейлер өткен жылы жоғалған 92 баланы тауып, ата-аналарына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының қарқынды жұмыстарының арқасында балалар аман-есен үйлеріне оралды.

Мәселен, 2020 жылдың 18 желтоқсанында сағат 15:30 шамасында Алматы облысы ПД Жамбыл аудандық полиция бөліміне Қарасай ауданының тұрғынынан 12 жастағы баласының Үшбұлақ ауылындағы ата-әжесінің үйінен белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмағаны жөнінде хабарлама түскен.

Алматылық әріптестерінен келіп түскен бағыт-бағдар бойынша Қызылорда облысы Полиция департаментінің жеке құрамы бағдарланып, дереу жедел-іздестіру шаралары басталды. Күні-түні жүргізілген іздестіру жұмыстарының нәтижесінде ювеналды полицейлер 21 желтоқсан күні кешкі сағат 20:45 шамасында Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесінің бойында ата – анасының еріп-жүруінсіз жүрген бір жасөспірімді анықтады. Тексеру барысында оның іздеуде жүрген жасөспірім екендігі белгілі болды.

Бұдан бөлек, соңғы уақытта кәмелетке толмағандардың ата-анасымен ренжісіп, үйден кетіп қалу деректері жиі орын алуда.

Мысалы, 15 қаңтар күні сағат 23:30 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының «102» арнасына Қызылорда қаласының тұрғыны өзінің кәмелетке толмаған қызының терезе арқылы үйінен қашып кетіп, осы уақытқа дейін қайта оралмағандығы жөнінде хабарлаған.

Дереу іздестіру жұмыстарына кіріскен полицейлер жасөспірім қызды құрбысының үйінен тапқан.

Облыс бойынша өткен жылы кәмелетке толмағандар арасында хабар-ошарсыз кетудің осындай 92 дерегі тіркеліп, балалардың барлығы ата-аналарына аман-есен тапсырылған.

Осыған орай, полиция қызметкерлері ата-аналарға балаларына деген бақылауды және жауапкершілікті күшейтіп, қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын арттыру қажеттігін қатаң ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру