Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлігімен марихуана тасымалдаған Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды

Көлігімен марихуана тасымалдаған Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қараша айының ортасында жедел уәкілдерге облыс орталығының 38 жастағы тұрғыны есірткі заттарының заңсыз айналымымен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Тексеруді нәтижесінде, ақпарат расталды. 2021 жылдың 15 қарашасында қала көшелерінің бірінде күдікті азамат ұсталды. Оның автокөлігін кідіріссіз тінту барысында өзіне тән иісі бар қоңыр-жасыл түсті өсімдік тектес затпен 33 полимерлік түйіншек табылып, тәркіленді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар жалпы салмағы – 1548,76 гр. “кептірілген марихуана” есірткі құралы болып табылады.

– Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Осы баптың санкциясы 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру