Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Дәрмек» іс-шарасы: трамадол дәрісін заңсыз сатумен айналысқан атыраулық әйел ұсталды

Трамадол дәрісін заңсыз сатумен айналысқан 44 жастағы атыраулық әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қараша күні Атырау облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Атырау қаласы Алтайская көшесінде 44 жастағы азаматша ұстады.

– Полиция қызметкерлері аталған әйелдің қала аумағында заңсыз 100 дана трамадол және 63 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін заңсыз сатып жүргендігін анықтады, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Қазіргі уақытта азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабымен (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу) фактісі бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін іс-құжаттар жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру