Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда ер адам жалға алынған құрал-жабдықтарды қайта сатқан

Алматыда ер адам жалға алынған құрал-жабдықтарды қайта сатқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, 25 жастағы Г. есімді азамат сайтқа компьютерлік техниканы жалға беру туралы хабарландырулар орналастырды. Рәсімдеу үшін өз қолымен жасалған келісім-шарт та дайын болды. Ол келіп, компьютерлік клуб ашпақ болып компьютерлерді алған, содай кейін оларды сатып жіберген.

– Төрт жәбірленуші полицияға арызданған. Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта тергеудің толықтығын, жан-жақтылығын және объективтілігін қамтамасыз етуге бағытталған тергеу шараларының кешені жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне қылмыстық іс ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлімі бойынша тіркелді. Жәбірленушілерге келтірілген шығынның жалпы сомасы шамамен екі миллион теңгені құрады, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Асхат Дәулетияров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру