СҚО ауданының полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні облыс орталығында ұстады
СҚО ауданының полицейлері ұрлық жасаған күдіктіні «ізін суытпай» облыс орталығында ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Белгісіз қылмыскер Тайынша ауданының орталығы Тайынша қаласындағы дүкендердің бірінің иесінің кабинетінен бір миллион теңгеден астам ақшаны ұрлап кеткен. Қылмыс туралы хабарлама аудандық полиция бөліміне 21 қараша күні түсті. Қылмыс «ізін суытпай» ашылды. Күдіктіні полицейлер бейнебақылау камералары арқылы анықтады. Ол дүкенде күзетші болып істейтін 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тұрғылықты жерден табылмады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның Петропавл қаласына кетіп қалғаны анықталды. Тайыншалық жедел қызметкерлер облыс орталығында іздестіру іс-шараларын жүргізіп, нәтижесінде бес сағаттан кейін күдіктіні қаладағы қонақ үйлердің бірінен анықтады. Тайынша ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Арғын Аманбаевтың айтуынша, күдікті ақшаның бір бөлігін спирттік ішімдікке және басқа да заттарға жұмсап қойған. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Жыл басынан бері облыста пробациялық бақылаудан жалтарған, қылмыс жасады деген күдікпен 31 қылмыскерге іздеу жарияланды. Бүгінгі таңда оның 22-і анықталды.