Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полиция қызметкерлері  «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады

Ақтөбелік полиция қызметкерлері  «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үш ай бойы республиканың барлық аумағында «Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы өтті.

Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – жедел жағдайды жақсарту, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу, полиция имиджін арттыру және халықпен тығыз, әрі сенімді қарым-қатынас орнату.

Шараның барлық кезеңінде учаскелік полиция инспекторлары 25 мың аралау жұмысын жүргізді. ПБ есебіне 1060 адам қойылды, оның ішінде 751-і отбасылық жанжал тудырушылар. 14700-ден астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде қоғамдық орында мас күйінде жүргені және спирттік ішімдіктер ішкені үшін екі мыңға жуық адам, ұсақ бұзақылық үшін 659 адам полиция бөлімдеріне жеткізілді, сонымен қатар белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 1200-ден астам адам анықталды, олардың 80-і қабылдау-тарату орнына орналастырылды.

Бұдан басқа, көрсетілген кезеңде ПБ-не қаңғыбастық және қайыршылық үшін 503 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, оның 27-сі КБО-на (кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы) орналастырылды.

Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен танысу, әкімшілік учаскенің проблемалық мәселелерін зерделеу және түрлі құқық бұзушылықтарға жол берген адамдарды анықтау үшін барлық үйлер мен ұйымдарды аралап шықты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру