Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да кезекті мал ұрлығы ашылды

ШҚО-да кезекті мал ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 23 қарашасында Алтай ауданының полиция қызметкерлеріне жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында 41 жастағы тұрғынның мал ұрлығын жасағаны туралы ақпарат келіп түсті.

Белгілі болғандай, бұл ер адам 2021 жылдың маусым айының басында аудандағы шаруа қожалықтарының бірінен сегіз жастағы аққұла меринді ұрлап кеткен. Келтірілген залал 1 300 000 теңгені құрады.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей, қазіргі уақытта күдікті ұсталды, ҚР ҚК-нің 188-1-бабы 1-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Осы баптың санкциясы бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру