Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмолалық тұрғын Ресейде ұрланған көлікті сатып алған

Ақмолалық тұрғын Ресейде ұрланған көлікті сатып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 желтоқсанда Көкшетау қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне облыс орталығының тұрғынынан арыз түсті. Ер адам Щучинск қаласының 64 жастағы тұрғыны оған Ресей Федерациясының Челябинск қаласында ұрланған Nissan Almera маркалы көлігін сатқанын хабарлады. Келтірілген шығын сомасы 1 млн. 50 мыңды құрады.

Аталған факті бойынша 196-баптың 3-бөлігі (Көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру