Ақтөбеліктің күртешесінің жеңінен шолақ мылтық табылды
Ақтөбеліктің күртешесінің жеңінен шолақ мылтық табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 1 желтоқсанында облыс аумағында полиция инспекторы қызмет атқару кезінде күдікті болып көрінген жергілікті тұрғынды тоқтатып, тексеру кезінде күртешесінің жеңінен шолақ мылтық және патроны табылған.
ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі (Қаруды заңсыз алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.