Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есілдіктің үйіне мас адам кіріп кетті

Есілдіктің үйіне мас адам кіріп кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

4 желтоқсанда Есіл ауданының полиция бөліміне Есіл қаласының 54 жастағы тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, шамамен сағат 19:00-де белгісіз ер адам пәтеріне кіріп кеткен. Өтініш беруші қонақтан оралған кезде пәтеріне мас күйдегі бейтаныс адам кіріп кеткенін түсіндірді. Пәтер иесінің дереу кету талабына “қонақ” бетіне соққымен жауап берген. Есіл қаласының тұрғыны көршілеріне барып, полицейлерді шақырды. Ал “бұзақы” ас үй үстелінде ұйықтап қалыпты.

Оның жеке басы анықталды. Ол бұрын Есіл ауданы ауылдарының бірінің сотталмаған 34 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 149-бабының 2-бөлігі (Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. «Келу міндеттемесі» процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру