Қызылордада табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 561 дерегі анықталды
Қызылордада табиғат қорғау заңнамаларын бұзудың 561 дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда облысы ПД-нің Жергілікті полиция қызметі Табиғатты қорғау полициясымен 2021 жылдың 11 ай көлемінде экологиялық құқық бұзушылықтар мен қылмыстың алдын алу, ескерту, жолын кесу және анықтау бағытында ұйымдастырушылық-тәжірибелік шаралар жүргізілді.
Атқарылған жедел-профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде, табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтың барлығы – 561 дерегі тіркелді. Атап айтқанда, 30 қылмыстық және 531 әкімшілік құқық бұзушылық.
Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 382-бабы (Жануарлар дүниесiн пайдалану талаптарын және аң аулау қағидаларын бұзу) бойынша барлығы – 357 құқық бұзушылық дерегі анықталды.
Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзудың ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1,2,3,4-бөліктерімен 173 дерегі тіркелді. Осы кодекстің 381-1 бабының 1-бөлігімен (Заңсыз ағаштарды кесу) бір дерегі анықталып, сот құзырымен айыппұл салынды.