Степногорск қаласында әйелді тонамақ болған ер адам анықталды
Степногорск қаласында әйелді тонамақ болған ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Степногорск қаласы Полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз түсті.
Әйел 4 желтоқсанда таңғы сағат 08.20-да үйдің кіреберісінде белгісіз адам оның сөмкесін ұрламақ болғанын хабарлады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті анықталды, ол бұрын ҚК-нің 106-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған жергілікті тұрғын болып шықты.
Аталған факті бойынша Полиция басқармасының тергеу бөлімі 191-баптың 3-бөлігі (Тонауға оқталу) бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады