Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлер көпірден секіріп кеткен жүкті әйелді құтқарды

Атырауда полицейлер көпірден секіріп кеткен жүкті әйелді құтқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

7 желтоқсан күні сағат 09:20 шамасында Жедел басқару орталығының инспекторы бейнебақылау камералары арқылы Атырау қаласындағы жаяу жүргіншілер көпірінде күдік тудырған әйелді анықтап, жақын маңдағы патрульдік полиция қызметкерлеріне хабарлама берді.

https://youtu.be/5dHTIB9QiBs

Патрульдік полиция батальонының рота командирі Алмас Закариев оқиға орнына барып, көпірдің арғы жағында әйелді көріп, онымен кері байланыс орнатпақ болған, бірақ ол полиция қызметкерімен әңгімелеспей, көпірден секіріп кеткен.

Алайда оқиға орнына дер кезде қайықпен жеткен Полиция департаментінің Балық қорына қылмыстық қол сұғушылыққа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері Жандарбек Жаңбырбаев пен Айбат Джаубаев әйелді құтқарып қалды.

Қазіргі таңда көпірден секірген 28 жастағы азаматшаның жүкітілігі бар екендігі анықталды. Әйел Орал қаласының тұрғыны болып шықты. Жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді, тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру