ШҚО полицейлері жол-көлік оқиғасын тексеру бойынша сабақ өткізді
Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жол-көлік оқиғасын тексеру бойынша сабақ өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары және Анықтау басқармасы мен Жедел-криминалистикалық бөлімше басшыларының қатысуымен облыстың ҚАПБ жедел-криминалистикалық бөліністері және штаттық анықтау қызметкерлері үшін түнгі уақытта ЖКО орнын қарап-тексеру бойынша оқу-практикалық сабағы өткізілді.
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында жол учаскесінде шынайы жол-көлік оқиғасына барынша ұқсастырылған жағдайда жедел-криминалистикалық бөліністері және штаттық анықтау қызметкерлері оқу-практикалық сабақ өткізді.
Аудандық бөлімшелердің қызметкерлерін оқытуға басты назар аударылды. Олар қозғалысы интенсивті тас жолда оқыту машиналары және манекендермен оқып үйренді.
Жол-көлік оқиғасын тергеуде оқиға орнын қарап-тексеру негізгі тергеу амалдарының бірі болып табылады. Тергеудің сапалы жүргізілуі, ЖКО-ның орын алу себептерін және кінәлілерді анықтау, оқиға орнын қараудың неғұрлым толық және білікті жүргізілуімен тығыз байланысты.
ЖКО орнындағы барлық нысандар мен іздерді мұқият белгілеу қажет, себебі оқиға орнын қарауды немқұрайлы жүргізу көбінесе кейіннен тергеуді жүргізу барысында қателіктерге және қиындықтарға әкеп соғады.
Анықтаушыларға және криминалистерге жол-көлік оқиғасын тергеудің алғашқы сатыларында туындайтын мәселелерге арналған әдістемелік ұсынымдар түбегейлі жеткізілді.
Сонымен қатар, сабақ барысында барлық туындайтын сұрақтар талқыланды, қызметкерлердің білімдері тексеріліп, қызметкерлердің назарына қосымша әдістемелер ұсынылды.