Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер донорлық акцияға қатысты

Қызылордалық полицейлер донорлық акцияға қатысты​, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Қызылорда қалалық Полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров бастаған басқарма қызметкерлері тұрғындардың өмірі мен денсаулығын құтқаруға өз үлесін қосқан ерікті донор болды. Бұл құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған бірінші қайырымдылық акциясы емес.

– Полицияда көптеген тұрақты донорлар бар, олар мұқтаж науқастарға үнемі қан тапсыру міндеті деп санайды. Игі істі бастамас бұрын барлық донорлар медициналық тексеруден өтеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсыруға болады. Әр донордан 450 мл қан алады. Процедураның өзі дайындықпен бірге 20 минуттан аспайды, – деді полицияда.

5 жыл бойы қан тапсыратын тұрақты донорлардың бірі – жергілікті полиция бөлімінің инспектор психологы Гулвира Ахбенбетова.

– «Бір донор – бір өмір» деп бекер айтылмаған және біздің іс-әрекеттеріміз біреудің анасы мен әкесінің, баласы мен ағасының өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз. Біз азаматтарды қан тапсыруға және адамдарға көмектесуге шақырамыз. Полиция жұмысы күн сайын қауіп-қатермен байланысты, сондықтан да құқық қорғау органдарының қызметкерлері дертке тап болған адамдарға уақытында көмек көрсетудің қаншалықты маңызды екенін басқалардан жақсы біледі, – деді Полиция басқармасының бастығы Әбдібек Жаназаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру