Түркістан облысында ұрлық жасаған жігіт ұсталды
Түркістан облысында ұрлық жасаған жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші өзінің ұялы телефон жасайтын жұмыс орнына түнгі уақытта белгісіз біреулер есікті бұзу арқылы кіріп, бір дана ноутбугы мен принтерін ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген залалдың көлемі – 250 мың теңге.
Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.
Хабар алысымен қырағы полицейлер тобы жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған орынға бағыт алды. Көрген-білгендерден сұрады. Нәтижесінде тәулік ішінде күдікті тұрғын үйінен қолға түcті. Ол жергілікті тұрғын жас жігіт болып шықты.
Сондай-ақ күдікті жымқырған заттарды бас пайдасына жаратқан. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Түркістан полицейлері жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез келген түріне қырағылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана мұндай жағдайларды азайтуға болады.