СҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің саны 25%-ға азайды
СҚО-да тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің саны 25%-ға азайды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер атап кеткендей, көбіне орта жастағы әйелдер отбасылық зорлық-зомбылықтың құбандарына айналып жатады. Қазіргі жастардың құқықтық санасы жоғарылауда, жас келіншектер мұндайға төзбейді, жәбірлеушілерімен қарым-қатынастарын бірден үзеді.
Бірер күн бұрын полицейлер СҚО-ның 24 жастағы тұрғынын бес жастағы қызымен отбасылық зорлық-зомбылықтың құрбандарына арналған баспанаға орналастырды. Қазір әйелге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл кезде СҚО аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы жүріп жатты. Тәртіп сақшылары бұрындары зорлық-зомбылық көріністері орын алған мыңнан астам отбасын тұрғылықты жері бойынша тексерді. Әр үйде профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
– Әйелдерді өз мәселелері туралы үндемей қалмауларына сендіру маңызды. Акция кезінде «102» сенім телефонына 64 қоңырау келіп түсті. Жүгінген 26 келіншек құқықтық кеңес, ал 19-ы психологиялық көмек алды. Нәтижесінде полицияға 15 әйел шағымымен жүгінді, бұл құқық бұзушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартуға негіз болды. Сонымен қатар, WhatsApp (8-708-432-45-61) және Telegram («Между нами говоря» арнасы — t.me/mejdunamigovory) мессенджерлері арқылы консультативтік-психологиялық қолдау көрсету жүзеге асырылды. Айта кететіні, бес арыз интернет-ресурстары арқылы түскен, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының аға инспекторы Әсия Әбжанова.
Акция аясында тұрмыс саласындағы құқық бұзушылықтар үшін 127 қорғаныс ұйғарымы шығарылды. 24 құқық бұзушыға сотпен ерекше талаптар қойылды, 11 тұрмысы төмен отбасы есепке қойылды. Полицейлер ұдайы өткізіліп тұратын профилактикалық жұмыстардың нәтиже беретінін атап кетті. СҚО-да 11 айдың ішінде отбасылық-тұрмыстық саладағы қылмыстардың саны 25%-ға азайды.