Қарағандыда полиция қызметкерлері арасында спартакиада өтті
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге байланысты Қарағанды қаласының ПБ бөлімшелерінің қызметкерлері арасында спартакиада ұйымдастырылды. Онда жауынгерлік қарудан ату, үстел теннисі және волейболдан жарыстар өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жауыгерлік қарудан оқ атудан әйелдер арасында жекелей сында жеңімпаз болып Қарағанды қаласының ПБ-ның аға инспекторы Татьяна Березницкая, екінші орынды Қарағанды қаласының ПБ аға жедел уәкілі Айсәуле Жеңісқызы, үшінші орынды – Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі кезекші бөлімшесінің инспекторы – Зарина Рахат жеңіп алды.
Ерлер арасында бірінші орынды Оңтүстік-Шығыс бөлімшесінің инспекторы Дархан Комарзин, екінші орынды Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Асхат Аханов, үшінші орынды Орталық полиция бөлімінің бастығының орынбасары Берік Бектасов иеленді.
Командалық сайыста Киров аудандық ПБ командасы бірінші, Орталық полиция басқармасы екінші, Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі үшінші орынды иеленді.
Үстел теннисінен әйелдер арасындағы жарыста жеңімпаздардың орындары келесідей бөлінді: бірінші орынды Михайлов ПБ тергеушісі Альвина Бузец, екінші орынды Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің кезекші инспекторы Зарина Рахат иеленіп, үшінші орын – Қарағанды қаласының ПБ Орталық ПБ-нің кезекші бөлімшенің инспекторы Юлия Усковаға бұйырды.
Ерлер арасында ең мықты болып Қарағанды қалалық ПБ патрульдік полиция полкінің рота командирінің орынбасары Ернат Бикенов, екінші орынды Жаңа-Майқұдық полиция бөлімінің жедел уәкілі Аян Нұрқашев, үшінші орынды Қарағанды қалалық ПБ-ның аға инспекторы Нұрлыбек Нұрқашев иеленді.
Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімі, екінші орынды Қарағанды қаласының ПБ, үшінші орынды Қарағанды қаласы ПБ патрульдік полиция полкі иеленді.Волейболдан жарыста Оңтүстік-Шығыс ПБ командасы бас жүлдені, Қарағанды қаласының ПБ командасы екінші орынды, үшінші орынды Қарағанды қалалық ПБ патрульдік полиция полкінің командалары иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясы бойынша патрульдік полиция полкінің инспекторы Айбол Ескелді, «Үздік шабуылшы» номинациясы бойынша Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің жедел уәкілі Аманай Сағыныш, «Үздік пас беруші» номинациясы бойынша Қарағанды қаласының ПБ патрульдік полиция полкінің инспекторы Азат Балғабаев марапатталды.
Сондай-ақ «Жас Динамо» жастар қозғалысының мүшесі 11 жастағы Асанәлі Абаевқа Қарағанды қаласының ПБ атынан естелік сыйлық табыс етілді. Жастығына қарамастан Асанәліні абыройлы спортшы. Ол спорттың үш түрінен спорт шеберлігіне кандидат, джиу-джитсу және грэпплингтен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі. Биылдың өзінде Абаев үш рет Қазақстан Республикасының чемпионы атанды, сонымен қатар Ресейде өткен чемпионатта бірінші орынды жеңіп алды. Жас спортшы 14-16 қараша аралығында БАӘ-нің Дубай қаласында өткен джиу-джитсудан әлем чемпионатында бірінші орын алып, шеберлігін растады.