Ақмола облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері мен ардагерлері марапатталды
Ақмола облысы бойынша ҚАЖД қызметкерлері жəне ҚАЖ ардагерлері ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында мемлекеттік наградалармен марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында Облыстық филармония залы Ақмола ҚАЖ жеке құрамының мерекелік көңіл-күйіне толы болды.
Мерекеге облыстың барлық аудандарынан ҚАЖ қызметкерлері мен ардагерлері шақырылды.
– Құрметті ҚАЖ ардагерлері, облыс мекемелерінің, ҚАЖ аппаратының жеке құрамы, Отанымыздың Тәуелсіздігінің мерейтойлық күні қарсаңында сіздерді мерекемен құттықтағым келеді. Тарихи өлшем бойынша осы аз ғана кезеңде Қазақстан көп нәрсеге қол жеткізді, бұл біздің жалпыға ортақ еңбегіміздің, бүкіл Қазақстан халқының қолдауының арқасында мүмкін болды. Мұны ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап өтті. Біздің жүйеде осы кезеңде көп нәрсе өзгерді. Цифрландыру және бейне байланыс, қызметкерлерге жаңа компьютерлік техниканы, қызметтік автокөлікті ұсыну, жұмыстағы жеделділік пен ұтқырлықты қамтамасыз етеді, – ҚАЖ облыстық ведомствосының басшысы Қайрат Айдарбеков.
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге белсенді қатысқаны үшін “Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл” медалімен облыстық ҚАЖ департаментінің бастығы Қайрат Айдарбеков, Зеренді ауданының пробация қызметі бөлімінің бастығы Жасұлан Кәрімов, ЕЦ-166/23 мекемесінің аға бақылаушысы Уәлихан Мәжімов марапатталды. “Халық алғысы” медалімен ЕЦ-166/11 мекемесінің эпидемиолог дәрігері Сергей Артемасов, ЕЦ-166/4 мекемесінің медбикесі Елена Бирюкова марапатталды.
ҚР Ішкі істер министрінің құқықтарымен облыс бөлімшелерінің бірқатар қызметкерлерінің еңбегі атап өтілді. Сонымен қатар облыстың жеке құрамының погондарына жұлдыздар тағылды.