Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жоғалған әйел 15 шақырым қашықтықтан табылды

Түркістан облысында жоғалған әйел 15 шақырым қашықтықтан табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Арыс ауданы ПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып келген. Онда шамамен таңғы уақытта, денсаулығында ақауы бар әйелі үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағандығын көрсеткен.

Арыз түскен сәттен бастап, бірден бағыт алған полицейлер іздестіру шараларын жоғары деңгейде жүзеге асырды. Яғни жоғалған әйелді іздеуге бірнеше мобильдік топтар құрылды. Тәртіп сақшыларының іздестіру шараларының нәтижесінде тәулік ішінде жоғалған әйел үйінен 15 шақырым қашықтықта кетіп бара жатқан жерінен табылды.

Өз кезегінде табылған әйелдің күйеуі полицейлерге ыстық ықыласын білдіріп, алғысын жаудырды. Әсіресе, қырағылығын танытып, уақыт жоғалтпай тез арада іздестіруді бастап кеткен Арыс ауданы ПБ учаскелік полиция инспекторы Бейбарыс Тәженге ризашылығын жеткізді.

Осы тұста полиция қызметкерлері облыс тұрғындарына ескертеді, егерде жақындарыңыз бен балаларыңыздан көз жазып қалсаңыздар уақыт жоғалтпай тез арада полицияның «102» нөміріне қоңырау шалыңыздар. Бұл өз кезегінде жақындарыңыздың аман-есен табылуына септігін тигізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру