Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері автобекетте ер адамды тонап кеткен екі күдіктіні ұстады

Түркістан облысының полицейлері автобекетте ер азаматты тонап кеткен екі күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан қаласының ПБ-ға жергілікті тұрғынның бірі арызданып келген. Оның айтуынша, қала орталығында орналасқан автобекетте кетіп бара жатқан сәтінде, бейтаныс екі азамат Redmi ұялы телефонын сұрап алып, қайта қайтармаған. Осылайша жәбірленуші азаматқа 80 мың теңге шығын келтірген. Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша СДТБТ-ға тіркеп, қылмыстық істі ашуға бағытталған шараларды жедел түрде жүргізді.

Орын алған қылмысты ашу және күдіктіні ұстау мақсатында Түркістан ҚПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер оқиға орнын тыңғылықты тексеріп, куәлардан сұрастырып, жақын аралықтағы аумақтарды көріп шықты. Нәтижесінде полицейлер күдікті ретінде екі ер азаматты ұстады. Олар жергілікті тұрғындар. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Белгілі болғандай күдіктілер ашық түрде жымқырып кеткен ұялы телефонды базарға барып, сатып жіберген. Ал ақшасын өзара бөлісіп, қажеттіліктеріне жұмсаған. Бүгінде ұялы телефон өз иесіне қайтарылды.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға бағалы заттарыңызға, қол сөмкелеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Тонау, ұрлық, қарақшылық жайттары орын ала қалса, тез арада полицияның “102” телефонына хабар беріңіздер. Уақытында берілген ақпарат қылмыстың “ізін суытпай ашуға” мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру