Алматы облысында адам өлтіруге оқталғаны үшін жақын шетел азаматы ұсталды
Алматы облысында адам өлтіруге оқталғаны үшін шопан болып жұмыс істеген шетелдік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 желтоқсанда сағат 10 шамасында Жамбыл АПБ кезекші бөліміне Қаншеңгелді ауылынан 70 шақырым жерде орналасқан жайылымнан кеудесінен оқпен жараланған Ұзынағаш ауылының 42 жастағы тұрғыны ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түсті.
Аталған факт ҚР ҚК 24-бабы 3-бөлігі; 99-бөлігі 1-бөлігі (Кісі өлтіруге оқталу) бойынша СДТБТ-де тіркелді.
Оқиға орнына шыққан жедел-тергеу тобы ақпаратты растады. Бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде полиция қызметкерлері шамамен бір ай бұрын жұмысқа келген Өзбекстан Республикасының 31 жастағы азаматын анықтап, ұстады. Күдіктіден оның жұмыс берушісіне тиесілі 16 калибрлі екі ұңғылы аңшылық мылтық тәркіленді. Ұсталған азамат кінәсін мойындады.
– Іс-материалдары бойынша, шопандар арасында аумақтық шағымдарға байланысты жанжал орын алған. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Тергеу судьясы күдіктіге екі айлық қамауда ұстау түрінде бұлтартпау шарасын санкциялады. ҚР ҚІЖК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, – деп хабарлады Жамбыл облыстық ПБ бастығының орынбасары Айдын Жексенбаев.