Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде «Погондағы журналист» жобасының қатысушылары марапатталды

Ақтөбеде «Погондағы журналист» жобасының қатысушылары марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанында Ақтөбе облысы ПД ғимаратында «Полицей өмірінің бір күні» («Погондағы журналист») жобасының  қатысушыларын марапаттау өтті. Оған облыстық телеарна мен екі газеттің қызметкерлері қатысты.

ҚР Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылы еліміздің барлық өңірлерінде осы жобаны іске асырды. Жоба БАҚ және әлеуметтік желілерде учаскелік полиция инспекторларының, патрульдік, жедел қызметкерлердің, тергеушілердің, криминалистердің, кинологтардың және басқа да полиция қызметтері қызметкерлерінің күнделікті жұмысын жариялауға бағытталған.

Кеше ІІМ аталған жобаны қорытындылады және Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың атынан бүгін Ақтөбе облысы ПД бастығының міндетін атқарушы Қанат Әлиев осы жобаға қатысушыларды марапаттады.

«Ақтөбе» облыстық телеарнасының ұжымы, облыстық «Актюбинский вестник» газетінің журналисі Асхат Қалжанов пен «Диапазон» газетінің журналисі Юрий Гейст Алғыс хатпен марапатталды.

Ал Қанат Әлиев полициямен жемісті ынтымақтастық үшін шынайы ризашылығы мен алғысын білдірді. Ол қызықты және жарқын жұмыстар, жаңа шығармашылық жетістіктер тіледі және ризашылығын білдірді!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру