ШҚО тұрғыны аяқ киімінде есірткі сақтаған
Шығыс Қазаақстан облысы Бесқарағай ауданының тұрғыны аяқ киімінде есірткі сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының басында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Бесқарағай аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлеріне 43 жастағы ауыл тұрғынының есірткі заттарын сақтағаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Алынған ақпаратты тексеру барысында аталған ер адам анықталып, оның гаражын жедел тінту кезінде жазғы аяқ кімінің ішіне жасырған өсімдік тектес, қоңыр-жасыл түсті, ерекше иісі бар қағаз орамасы табылды. Ол дереу тәркіленіп, сараптамаға жіберілді.
Сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 0,20 грамм «кептірілген марихуана» есірткі құралы болып табылды.
– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігі бойынша есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Осы баптың санкциясы қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамау түріндегі жазаны көздейді.