Түркістан облысында мас халде көлік басқарған тұрғынға қатысты 3 әкімшілік хаттама түзілді
Түркістан облысында мас халде көлік басқарған тұрғынға қатысты үш әкімшілік хаттама түзілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал ауданы ПБ Жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторлары Қазақстан Республикасы ІІМ-нің бұйрығымен бекітілген «Мүлікті қорғау жөніндегі» бағдарламасын іске асыру мақсатында түрлі іс-шаралар ұйымдастыруда.
Мәселен, Мақтаарал ауданы ПБ-ның полиция қызметкерлері аудан аумағында түнгі уақыттарда орын алатын мал ұрлығы мен пәтер ұрлығы қылмыстарының алдын алуға байланысты рейдтік жұмыстар жүргізуде. Нәтижесінде, Мақтаарал ауданы Атакент кенті көшелерінің бойында оң жанындағы айнасы жоқ Ваз-21074 автокөлігін тоқтатқан. Содан соң тәртіп сақшылары жүргізушіні тексеру барысында автокөлігінің техникалық байқаудан өтпегенін анықтады. Сонымен қатар полицейлер жүргізушінің мас халде болуы мүмкін екеніне күдіктеніп, көлік жүргізушісін медициналық сараптамадан өткізді. Қорытындысы бойынша автокөлік жүргізушісінің мас күйде болғаны расталды.
Осылайша, полиция қызметкерлерімен аталған көлік иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 3-бабы бойынша әкімшілік шара көрілді. Яғни ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігімен (Осы баптың алтыншы бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда, техникалық регламенттердің, ұлттық стандарттардың талаптарына сай келмейтiн, сондай-ақ көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатын ақаулары мен жағдайлар бар көлiк құралдарын басқару), 590-бабы 9-бөлігімен (Мемлекеттiк немесе мiндеттi техникалық қарап-тексеруден өтпеген көлiк құралын басқару) және 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) хаттама түзілді.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Автокөлікке мас халде отырмаңыз, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтау, жылдамдықты асырмау және қарсы жолаққа шықпау қажет.