Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртаулық тәртіп сақшылары екі алаяқты қолға түсірді

Теміртаулық тәртіп сақшылары екі алаяқты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

16 желтоқсанда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Шығыс полиция бөліміне 22 және 38 жастағы қала тұрғындарынан арыздар келіп түскен. Бұл азаматтар белгілі бір адамдардың алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғаны белгілі болды.

Белгілі бір құрылыс компаниясының өкілі ретінде таныстырған белгісіз тұлғалар бірінші жағдайда электр генераторы мен дәнекерлеу аппаратын, екіншісінде тегістеуіш пен электр генераторын жалға алған. Бірақ құрал-жабдықтар белгіленген уақытта қайтарылмаған. Келтірілген шығынның жалпы сомасы 630 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілерді – 21 және 31 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Ұсталғандар кінәсін мойындады. Айғақты заттар алынды.

190-бап (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру