Ақтөбе облысында жаяу жүргіншіні қағып, көлігін жасырған жүргізуші ұсталды
Ақтөбе облысында жаяу жүргіншіні қағып, көлігін жасырған жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
24 желтоқсанда сағат 19:40 шамасында Ақтөбе-Орск автожолындағы аялдамаға жақын жерде белгісіз автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті. ЖКО жасаған автокөлік белгісіз бағытта ізін жасырған. Жол-көлік оқиғасының салдарынан егде жастағы жаяу жүргінші ЖМЖА-ның жансақтау бөліміне жатқызылды.
26 желтоқсанда жедел-іздестіру іс-шарасы аясында патрульдік полиция қызметкерлері осы жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіні анықтап, ұстады. Ол 26 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.
Жүргізуші өз кінәсін толығымен мойындады. Үлкен жылдамдықпен келе жатып, жаяу жүргіншіні байқамағандығын түсіндірді. ЖКО-дан кейін сасқалақтап, оқиға орнынан кетіп қалған. Автокөлікті орман алқабына тығып қойғанын мойындады.