Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері көкөніс дүкенінен жасалған ұрлықты ашты

Ақмола полицейлері көкөніс дүкенінен жасалған ұрлықты ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 желтоқсанда Аршалы аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Жібек Жолы ауылының 43 жастағы тұрғынының 23 желтоқсанға қараған түні белгісіз тұлға дүкеннен 15 мың теңгесін және 10 банка энергетикалық сусын ұрлағаны туралы өтініші келіп түсті. Шығын сомасы 19 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Ол 35 жастағы тұрғылықты мекенжайы жоқ адам болып шықты. Мас күйінде терезе торын бұзып, көкөніс дүкеніне кіріп, кассадан ақша мен 10 бөтелке энергетик ұрлап кеткен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру