Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Түнгі қаладағы балалар”: қызылордалық полицейлер 93 әкімшілік хаттама толтырды

Қызылорда аумағында жасөспірімдер арасында қылмыстардың алдын алу аясында “Түнгі қаладағы балалар” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел алдын алу іс-шарасының мақсаты – кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған құқық бұзушылықтар мен қылмыстарды анықтау және алдын алу, құқыққа қайшы әрекет ететін жасөспірімдер топтарын, спирттік ішімдіктерді, психотроптық және есірткі заттарын пайдаланатын кәмелетке толмағандарды, сондай-ақ кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдіктер мен темекі өнімдерін сататын ересек адамдарды анықтау.

Мобильді топтар ойын-сауық мекемелерінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болған кәмелетке толмағандарды анықтап, ойын-сауық орындарының әкімшілері мен ата-аналарға қатысты әкімшілік жазалау шараларын қолданылды.

– Рейдтік іс-шаралардың 24-26 желтоқсан күндері аралығында 93 жасөспірім басқармаға жеткізілді. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс болуы) бойынша 68 жасөспірім анықталып, олардың заңды өкілдеріне тиісті әкімшілік шара көрілді. ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуы) бойынша 9 хаттама толтырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабына сәйкес (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) – екі хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 423-1-бабына сәйкес (Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату) – 2 хаттама, ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабына сәйкес (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру) – 9 дерек анықталды, – деді Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Айдос Прежекенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру