Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысында ер адамды соққыға жыққан бұзақылар қолға түсті

Алматы облысында ер адамды соққыға жыққан бұзақылар қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 желтоқсанда түнде Іле ауданының Полиция басқармасына КазЦик ауылындағы дүкен манайында бұзақылар тобы бейтаныс ер адамды ұрып-соғып жатқаны туралы хабар түскен.

Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 19, 20 және 27 жастағы үш жергілікті тұрғынды бірнеше минут ішінде ұстады. Күдіктілердің бірі алкогольдік масаң күйде екені анықталды. Қылмыстық топтың әлімжеттігінен зардап шеккен 20 жастағы жігіт дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды.

Алдын ала тергеу барысында анықталғандай, күдіктілер зардап шегушіні дүкеннің жанында тоқтатып, оның кім екенін, қайдан келгенін сұрай бастаған. Жауапқа қанағаттанбаған күдіктілер бейтаныс жігітті еш себепсіз соққыға жыққан. Жас жігіт тәртіп сақшыларының өте жылдам жетіп, бұзақыларды құрықтағаны үшін алғысын білдірді.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің  293-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өзге ақпарат қолданыстағы заң талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру