Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда 70-ке жуық бекіре тұқымдас балықтарын тасымалдағандар ұсталды

Атырауда 70-ке жуық бекіре тұқымдас балықтарын тасымалдағандар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырауда 21 желтоқсан күні шамамен 12:50-де 30 жастағы ер адамның көлігінен пакетке салынған 23 дана бекіре тұқымдас балықтары табылды.

– Қылмыстық іс-әрекетті Атырау облысы ПД-нің жанындағы патрульдік полиция қызметкерлері “Бекіре-2021” жедел-профилактикалық іс-шара бойынша Ақтөбе-Астрахань тас жолы бойында тексеру жұмыстарын жүргізу барысында анықтаған. Сондай-ақ, аталған 23 дана бекіре тұқымдас балықтарды “Жайық-Атырау бекіре балық өсіру” зауытына тапсырған кезде жалпы салмағы 67 келі 600 грамды құрап, сәйкес құжаттар жасақталды. Қазіргі уақытта көрсетілген факті бойынша ҚР ҚК-нің 339-бабы 2-бөлігі 5-тармағымен аталған қылмысқа күдікті көлік жүргізушісі мен жолаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Айта кетейік, полицейлермен тәркіленген заңсыз ауланған балықтар бекіре зауытына тапсырылады. Одан соң сот үкіміне сәйкес мемлекет пайдасына сатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру