Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда “жұмыс беруші” тұрғынды млн теңгеге алдап кетті

Қарағандыда “жұмыс беруші” тұрғынды млн теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

20 желтоқсанда Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне 20 жастағы қала тұрғынынан арыз түскен. Қыз белгісіз келіншектің алаяқтық әрекетінің құрбаны болғанын айтты.
Жәбірленуші жоғары жалақы алатын жұмыс іздеп, интернеттен белгілі бір компанияға қызметкерлерді жұмысқа алу туралы хабарландыруды тауып алған. Ол өзінің болашақ жұмысқа орналасу шарттарына көңілі толып, жұмыс берушіге хабарласады.

Қызға өзін кадр таңдаумен айналысатынын растаған әйел, жұмысқа тұру үшін белгілі бір соманы беру керектігін айтқан. Жәбірленуші оған сеніп, көрсетілген есепшотқа 940 мың теңге аударған.

Ақшаны алған “жұмыс беруші” байланысын тоқтатып, алданғанын түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – облыстың ауылдық округтерінің бірінің 20 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Күдікті қылмысын мойындады.

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру