Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер аязда тас жолда қалған азаматтарға көмек көрсетті

Қостанайлық полицейлер аязда тас жолда қалған азаматтарға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қамысты аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция тобының қызметкерлері Саят Абилькакимов және Жалғас Аубакиров 28 градус аяз кезінде көлігі сынып қалған азаматтарға көмек көрсетті.

25 желтоқсанда 27 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны өзінің автокөлігімен елордаға бара жатады. Түнгі сағат 03.00 шамасында жүргізушінің көлігі сынып қалады. Себебін өз бетінше анықтай алмағандықтан, ол «112» пультіне қоңырау шалған. Адамдарға көмек қажеттігі туралы ақпарат полиция қызметкерлеріне жеткізіліп, хабарламадан кейін полиция қызметкерлері дереу оқиға орнына келеді.

Полицейлер жүргізуші мен 3 жолаушыны жылыну және демалу үшін Жайылма мектебіне жеткізіп, көлікті Жайылма ауылына тасымалдап, ақаулықтың себебі анықтап берген. Кейін эвакуатор ұйымдастырылып, жүргізуші мен жолаушылар аман-есен үйлеріне жеткізілді.

– Көрсетілген көмек үшін үлкен рақмет, қызметкерлердің арқасында үйімізге аман-есен жеттік. Біздің полицейлер – нағыз батырлар десем болады, олар кез келген ауа райында көмекке әзір. Оған әрдайым көз жеткізіп келеміз, – деп елорда тұрғыны полицейлерге алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру