Қызылордалыққа түнгі клубта ұрланған құндыз тоны қайтарылды
Қызылордалыққа қымбат үлгідегі құндыз тоны қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Ұрлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру бағытында басқарма қызметкерлері күнделікті профилактикалық шаралар өткізуде.
Желтоқсанның 24-нен 25-не қараған түні сағат 23:00-мен 01:30 шамасында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының полицейлері қала аумағында орналасқан түнгі клубтың бірінен қара түсті құндыз тонды қолды қылған ұрыны іздеу жұмыстарымен айналысты.
Ұрлыққа қарсы бағдарлама барысында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының қызметкерлерімен құндыз тонды ұрлаған қала тұрғыны ұсталды.
Жәбірленушіге тон қайтарылды. Әйел басқарма қызметкерлеріне өз алғысын білдірді.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.