Ақмолалық учаскелік полиция инспекторы іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады
Ақмолалық учаскелік полиция инспекторы іздеуде жүрген қылмыскерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шортанды ауданының ПБ учаскелік полиция инспекторы Нұржан Жұматаев 2015 жылы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотталған Қостанай облысының ПД Арқалық қалалық ПБ іздестіріліп жатқан қылмыскерді ұстады.
Қылмыскердің орналасқан жерін анықтау қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскедегі аулаларды аралау барысында анықталды.
Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Жалпы, жыл басынан бері Ақмола облысының аумағында 68 қылмыскер іздестіріліп, 55 адам ұсталды.