Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер боранда тас жолдақалған жолаушыларға көмектесті

Қостанайлық полицейлер боранда тас жолдақалған жолаушыларға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 желтоқсан күні түнгі сағат бір шамасында Амангелді ауданының полиция бөліміне Әулиекөл-Жалдама автожолында Жалдама ауылынан 3 шақырым жерде Амангелді ауылына бара жатқан шағын автобус сынып қалғандығыны туралы хабар келіп түседі. Онда жүргізушімен бірге 13 адам, негізінен, демалысқа үйлеріне бара жатқан студенттер болған.

Көмекке Амантоғай ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторлары Дастан Кушпанов пен Теміржан Еркебұлан келеді. Олар тоңазып қалған жолаушыларды қызметтік УАЗ-ға отырғызып, Амантоғайға жеткізген. Әрі қарай полицейлераталған ауылдық округ әкімімен бірлесіпжолаушыларды жол бойындағы дәмханаға орналастырып, ыстық шай ұсынған. Кейін олар Амангелді ауылына үйлеріне аман-есен жеткізілді.

Бүгінде учаскелік полиция инспекторлары – ішкі істер органдары жүйесіндегі ең көп функционалды қызмет және олар халықпен тікелей байланыста.

Жыл қорытындысы бойынша Ішкі істер министрлігінде учаскелік полиция инспекторларының слеті өткізілген болатын. Ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев бекітілген әкімшілік учаскеде қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыспен күрес бойынша жұмыстағы жоғары жетістіктері үшін үздік қызметкерлерді, соның ішінде Дастан Кушпановты марапаттады.

– Учаскелік инспектор – бұл нақты аумақта қылмыстың алдын алудың негізгі тұлғасы. Мемлекет басшысы учаскелік полиция инспекторларының ішкі істер органдары реформасын және “Полиция қадамдық қолжетімділікте” қағидатын іске асырудағы маңызды рөлін дәл осылай атап өткен еді, – деді Ерлан Тұрғымбаев.


Айта кету керек,
Дастан Кушпанов халықпен өзара қарым-қатынас жасауда алдыңғы қатарда, азаматтарға ұдайы көмек көрсетіп келеді. Өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ол Ішкі істер министрінің қолынан мақтау қағазы мен “Үздік учаскелік полиция инспекторы” медаліне ие болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру