Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлдағы модульдік посттардың қызметкерлері жаңа жылдық кезекшілік туралы айтып берді

Петропавлдағы модульдік посттардың қызметкерлері жаңа жылдық кезекшілік туралы айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавлда бір жылдың ішінде төрт модульдік полиция бекеті ашылды, онда патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар тәулік бойы кезекшілік етеді. Осындай бекеттердің бірі аудан орталығы Тайыншада жұмыс істеуде. Жұмыстың жаңа форматы “жұртқа жақын полиция” қағидатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заманауи модульдер адамдар көп жиналатын жерлерде орналасқан.

– Өтініштер әртүрлі. Көбінесе сұрақтар тек құқықтық тәртіпке қатысты болмайды. Бүгін бір азамат құжат тауып алып, бізге әкелді. Біз құжат иесінің телефон нөмірін тез анықтап, хабарласып, сол күні-ақ қайтардық, – дейді жаңа жыл қарсаңында кезекшілікте болған Петропавл қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының инспекторы Берік Төлепбергенов.

Модульдердегі жаңа жылдық кезекшілік тыныш өтті.

– Түн ортасына таман адамдар үйлеріне тарады, көшеде ешкім болған жоқ. Түнгі бірден кейін адамдар серуендеуге шыға бастады. Тыныш өтті, – деді полиция лейтенанты Бекболат Бүркітбай.


Айына орта есеппен 200-ге жуық азамат модульдік посттардағы кезекшіліктегі полиция қызметкерлеріне жүгінеді. Полицейлердің басты міндеті – барлық өтініштерге дер кезінде жауап беру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру