Түркістан облысында бір үйден 4 рет мал ұрлаған тұрғын ұсталды
Түркістан облысында бір үйден төрт рет мал ұрлаған тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар ауданы ПБ кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірі мал ұрлығының құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Онда өз үйінің ауласындағы қорадан бір бас тоқтысын ұрлап, жалпы құны 35 мың теңгеден астам шығын келтіргенін көрсеткен.
Хабарлама түскен мекенжайға ұрлық қылмысын ашу мақсатында жедел-тергеу тобының қызметкерлері шықты. Тәртіп сақшылары қылмыс орнын тексеріп, аулаларды аралап, куәлардан жауап алды. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, полиция қызметкерлерінің күшімен қысқа уақыт ішінде мал ұрлаған күдікті анықталды. Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.
Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің үйіне қараша айынан бері төрт рет ұрлыққа түскен. Осылайша бес бас қойды ұрлап, жалпы 175 мың теңге шығын келтірген. Күдікті ер адам ұрланған малдардың жартысын мал базарға, қалғанын ауыл тұрғындарына сатып жіберген. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.
Аталған дерек ҚК 188-1-бабы (Мал ұрлығы) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.