Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстандағы тәртіпсіздік: ІІО-ның 8 қызметкері қаза болды

317 полиция қызметкерлері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жарақат алды, 8-і қаза болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің бірқатар аумақтарында арандатушылықтармен ұйымдастырылған вандализм, тонау және бұзақылық элементтері жалғасуда.

Инфрақұрылымдарға ауқымды материалдық шығын келтірілді. Медициналық мекемелерге зардап шеккендерді жеткізуге кедергі келтіргендер анықталды. Бұзақылардың аяусыз әрекеттерінен қоғамдық тәртіпті және халықтың денсаулығын қамтамасыз етіп жүрген медицина қызметкерлері, құқық қорғаушылар, сондай-ақ, қарапайым тұрғындар, соның ішінде егде жастағы адамдар жапа шекті.

317 полиция қызметкерлері және Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жарақат алды, 8-і қаза болды.

Қазіргі уақытта зорлық-зомбылықтың өршуіне жол бермеу мақсатында ішкі істер органдарымен барлық қажетті шаралар қабылдануда.

Заңды бұзған және тәртіпсіздікке қатысқан арандатушылардың бірқатары қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылуда.

Ішкі істер министрлігі тұрғындарды арандатушылыққа ермеуге шақырады, заңсыз әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылатындығы туралы ескертеді және ресми ақпараттарға сүйенуді ұсынады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру