Қарағанды облысында төтенше жағдай режимін бұған 31 адам әкімшілік қамауға алынды
Өңірде құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін барлық полиция қызметкерлері, Ұлттық ұлан мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері қызметтің күшейтілген режиміне көшірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыстың елді мекендерінің кіріп-шығатын аумақтарына бақылау бекеттері орналастырылды.
Қарағанды облысында қоғамдық-саяси ахуал – тұрақты.
Төтенше жағдай жарияланған кезден бастап полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша 447 құқық бұзушылық анықтады, 31 құқық бұзушы әкімшілік қамауға алынды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында 17 тыйым салынған зат тәркіленді, тоғыз тегіс ұңғылы мылтық тәркіленіп, сонымен қатар есірткі заттарын сақтаудың алты фактісі анықталды.
Қарағанды облысының Полиция департаменті полиция қызметкерлерінің жұмысына түсіністікпен қарайтын тұрғындарға алғысын білдіріп, азаматтардан төтенше жағдайдың барлық талаптарын орындауды сұрайды.