Көліктегі полиция департаментінде бір минуттық үнсіздік жарияланды
Көліктегі полиция департаментінде бір минуттық үнсіздік жарияланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 10 қаңтарды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Осыған орай бүгін сағат 10:00-де Көліктегі полиция департаменті ғимаратында орналасқан ҚР Мемлекеттік туы төмен түсіріліп, бір минуттық үнсіздік жарияланды.
– Біз, полиция қызметкерлері, қылмыскерлерді іздестіруге және ұстауға, оларды халыққа қарсы жасаған қылмыстары үшін тиісті жазаға тартуға барлық шараларды қабылдауға міндеттіміз, – деді департамент бастығы Оңал Бекеев.
Көлік сақшылары осылайша бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилер, құқық қорғау органдары мен полиция қызметкерлерін еске алып, аза тұтты.