Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының ҚАЖ қызметкерлері қаза болған әріптестерін еске алды

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекеме қызметкерлері қаза болған әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 10 қаңтар Қазақстан Республикасында жасалған террористік актілердің салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты елде жалпыұлттық аза тұту күні деп мәлімдеген болатын.

Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерінің жеке құрам қызметкерлері мекеме алаңында бүлік кезінде қаза тапқан бейбіт тұрғындарды, әскери қызметшілер мен ішкі істер органының қызметкерлерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру