СҚО-да түзеу мекемесінде жас қызметкерлермен 12 тәжірибелі тәлімгерлер жұмыс жасауда
СҚО-да түзеу мекемесінде жас қызметкерлермен 12 тәжірибелі тәлімгерлер жұмыс жасауда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Соңғы жылдары Қылмыстық-атқару жүйесі органдары қызметкерлерінің қатары ҚР ІІМ мамандырылған жоғары оқу орындарының түлектері есебінен толтырылып жатыр. Соның нәтижесінде мекемеге жас мамандар жақсы жалпы білім даярлығымен келіп түседі. Бірақ солардың ішінде кейбіреулері кәсіби жоспарда өзінің жұмысын аз біледі, негізінен оларға психология, педагогика, құқық, тәрбие процессін ұйымдастыру әдістемесі бойынша білім қажет. Осыған орай, жас қызметкерлерге көмек көрсету үшін тәлімгерлік институты құрылған.
Қылмыстық-атқару жүйесі органдарындағы тәлімгерліктің мақсаты – жас қызметкерлер кәсіби білімін тезірек ұйғарып, алға қойылған мақсатына жету үшін қажетті қасиеттерді дамыту.
Қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ЕС-164/1 мекемесінде жас қызметкерлермен 12 тәжірибелі тәлімгерлер бекітіліп, олардың алғашқы күнінен бастап тығыз байланыс жасауда. Олар бағынысындағы қызметкерлердің жеке ерекшеліктеріне орай жұмыс құрастырып, әрекет жасауда.
Мекемеде жас қызметкерлердің туысқандарымен және олардың тәлімгерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуде жас қызметкерлердің міндеттерімен таныстырылды.