СҚО-да теологтар сотталғандармен кездесулер ұйымдастыруда
Солтүстік Қазақстан облысында теологтар сотталғандармен кездесулер ұйымдастыруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЕС-164/1 мекемесінде экстремизм мен терроризм бойынша жазасын өтеп жатқандар бар. Олармен келісілген жоспар бойынша радикаландыру мақсатында жергілікті мешіт имамдары келіп, өздерінің уағыз-насихаттарын айтады. Сондай-ақ, Дін істер басқармасы теологтары келіп, діни, патриотизмдік мазмұнда түрлі бейнероликтер көрсетіп, түсіндерме жұмыстарын жүргізеді.
– Бір сотталғанның радикалды діни көз қарасын түзеу үшін қажырлы қайрат, еңбек керек. Біріншіден, сотталғанның ішкі жан дүниесін, көз қарасын, ой-пікірін анықтау керек, бұл жерде психолог мамандардын жұмыс жасайды. Екіншіден, оның діни сауаттылығын тексеру маңызды, сондай-ақ оның қаншалықты уланғанын анықтау керек. Осы ақпараттар алынғаннан кейін бірақ әр адамға радикаландыру жоспары құрылады, – деді СҚО бойынша ҚАЖ департаментінде.