Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісайда төтенше жағдай тәртібін бұзған 63 адам анықталды

Жетісайда төтенше жағдай тәртібін бұзған 63 адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау, құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 қаңтардағы Жарлығымен 5 қаңтар сағат 22:00-ден 19 қаңтар сағат 00:00-ге дейінгі кезең аралығында төтенше жағдай енгізілді.

Осыған орай, Жетісай АПБ-нің қызметкерлерімен аудан аумағында қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету үшін күнделікті түнгі 23:00-ден кейін азаматтар мен көлік құралдары қозғалысының еркіндігіне шектеулер қойылды. Сонымен қатар, Жетісай ауданына кіреберіс Сырабад ауылы тұсына қойылған арнайы блок-бекетте көлік құралдарының Жетісай ауданына кіріп-шығуы қатаң түрде қадағалануда.

Мәселен, 5-13 қаңтар аралығында Жетісай ауданында төтенше жағдай тәртібін бұзған 63 адам анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Осы тұста Жетісай ауданының полиция бөлімі елімізде енгізілген төтенше жағдайға түсіністікпен қарап, шектеулерді ұстанып, түнгі 23:00-ден кейін өз үйлеріңізде болуларыңызды сұрайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру