Шымкенттіктер төтенше жағдай кезінде қызмет еткен тәртіп сақшыларына алғыс айтты
Шымкенттіктер төтенше жағдай кезінде қызмет еткен тәртіп сақшыларына алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкенттік тәртіп сақшылары орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде қаламыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тәулік бойы қызмет атқаруда. Сондай-ақ, қазіргі таңда бұзақылық жасағандарды анықтау жұмыстары жіті жүргізілуде.
Өз кезегінде төтенше жағдайда қаланы бүлікшілерден сақтап қалу үшін аянбай еңбек етіп, ерлік көрсетіп, антына адалдық танытқан полицейлерге жергілікті тұрғындар алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдіріп жатыр.
– Қаламызда жаппай тәртіпсіздік орын алған уақытта халықты сабырға шақырып, бұзақыларды басып, тәртіп орнатқан сақшыларға алғысымыз шексіз. Сол азаматтардың арқасында шаһарымыз қазір қауіпсіз әрі тыныш. Күнделікті өмірде полицейлердің бізді әрдайым қорғап жүретініне нық сеніп, өзімізді қауіпсіз сезінеміз. Полиция – біздің қорғанымыз. Осы орайда батылдық танытқан сақшылардың жұмыстарына табыс, отбасыларына амандық тілейміз, – дейді мегаполис тұрғындары.