ШҚО тұрғынынан сұйық есірткі табылды
ШҚО тұрғынынан сұйық есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алтай ауданының полиция қызметкерлеріне Жаңа Бұқтырма кентінің 45 жастағы тұрғыны есірткі заттарын заңсыз дайындаумен айналысатыны туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Келіп түскен ақпаратты жедел уәкілдер дереу тексеруге кіріскен, нәтижесінде ақпарат расталды. Аталған ер адамның үйінің аумағында орналасқан қораны тінту барысында қоңыр түсті сұйықтығы бар шприц алынды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттың ішіндегісі – “экстракциялық апиын есірткі құралының ерітіндісі. Экстракциялық апиынның құрғақ қалдығының салмағы 3,0 мл., сұйықтық – 0,0387 грамм құрайды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігі (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, өңдеу, сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясымен 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу түріндегі жаза көзделген.